Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

1 қаңтардан бастап учаскелік қызмет мамандарының жалақысы 40 пайызға өседі

1 қаңтардан бастап учаскелік қызмет мамандарының жалақысы 40 пайызға өседі
Сурет: ашық дереккөздерден
Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жолғы Қазақстан халқына жолдауында медициналық-санитарлық көмек жүйесін жаңғырту ісіне тоқталды.

Ол 1 қаңтардан бастап осы бағытта жұмыс істейтін учаскелік қызмет мамандарының жалақысын 40 пайызға дейін арттыру туралы тапсырма берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Сондай-ақ біз алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін жаңғырту ісіне ерекше мән береміз. Осы тұрғыдан алғанда, жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттігін кеңейтіп, бұл жүйені қаржыландыру көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту маңызды.

Үкіметке келер жылдың 1 қаңтарынан бастап осы бағытта жұмыс істейтін учаскелік қызмет мамандарының жалақысын үздіксіз еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін арттыруды тапсырамын. Бұл 77 мыңнан астам маманның табысын өсіруге мүмкіндік береді", - деді президент.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар