Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Сөмке табылған": ҚазҰУ студенттері мен оқытушылары эвакуацияланды

"Сөмке табылған": ҚазҰУ студенттері мен оқытушылары эвакуацияланды
Сурет: weproject.media
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде күмән тудыратын сөмке үшін студенттер мен оқытушыларды аяқ асты дереу сыртқа шығарылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оқиға 28 қазан күні таңғы сағат 10:00-дер шамасында болған. Алғашында бомба туралы ықтимал хабарлама туралы ақпарат шыққан. Студенттер мен қызметкерлер ғимараттан шығарыла бастады. Кейін Алматы полициясы эвакуацияға біреудің қараусыз қалдырған сөмкесі себеп болғанын түсіндірді. Табылған зат күдікті деп танылып, шұғыл қызметтер шақырылды.

“Тексеру барысында сөмке студенттердің біріне тиесілі екені және ішінде оқу құралдары бар екені анықталды. Анықталғандай, табылған зат қауіпті емес”, – деп хабарлады Алматы ПД.

Полиция азаматтарға күдікті заттарды байқаған жағдайда 102 нөміріне қоңырау шалу керектігін еске салды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар