Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Рыбакина Путинцевадан басым түсіп, маусымды әлемдік рейтингтің көшбасшысы ретінде аяқтайтын болды

Рыбакина Путинцевадан басым түсіп, маусымды әлемдік рейтингтің көшбасшысы ретінде аяқтайтын болды
Сурет: Getty images
Жапонияда өткен WTA 500 санатындағы турнирде қазақстандық теннисші Елена Рыбакина отандасы Юлия Путинцеваны жеңді. Сөйтіп спортшы маусым соңына дейін әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Матч 1 сағат 11 минутқа созылып, Елена Рыбакина Юлия Путинцеваны 6:2, 6:3 есебімен жеңді.

Кездесуде Рыбакина алты эйс жасап, бір қос қателік жіберді және бес брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Ал Путинцева бір эйс орындағанымен, өзіне берілген жалғыз брейк-пойнт мүмкіндігін пайдалана алған жоқ.

Айта кетейік, Юлия Путинцева әлемдік рейтингте 67-орында тұр.

Елена Рыбакина ширек финалда чемпиондық атақ үшін жарыс жолын жалғастырады. Оның келесі қарсыласы канадалық теннисші Лейла Фернандес болмақ. Ол бұған дейін бельгиялық Элизе Мертенсті 6:3, 6:2 есебімен жеңген болатын.

Сонымен қатар, Елена Рыбакина Юлия Путинцеваны жеңгенінің арқасында WTA әлемдік рейтингіндегі бірінші орнын маусым соңына дейін сақтап қалды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар