Қоғам
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғанын полицияға хабарлаған
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 17:00
- 31
Павлодарда мектепте оқып жүрген екі оқушының зорланғаны туралы ақпарат тарады. Полицияға бұл мәліметті мектептің өзі хабарлаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Облыстық Полиция департаменті күдіктілердің ұсталып, қамауға алғанын хабарлады.
«Күдіктілер анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларға қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – делінген Полиция департаментінің агенттік тілшісіне берген пікірінде.
Полиция тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жариялаған жоқ.


