Қоғам
Қазақстанда табиғатқа жіберілген жолбарыс санын 50-ге жеткізуді жоспарлап отыр
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 17:18
- 1
Қазақстанда 2033 жылға дейін ел аумағындағы табиғи ортаға кемінде 10 жолбарыс жіберу жоспарланған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров тұран жолбарысын 50 басқа көбейту жоспарда барын мәлімдеді.
"Біздің жоспарымыз бойынша 2033 жылға дейін табиғатқа шамамен 10 немесе одан да көп жолбарыс жіберіледі. Алайда мұндай көрсеткіш бағдарламаның нәтижесіне қарай өзгеруі мүмкін. Жолбарыстар адамның араласуынсыз табиғи ортада өздігінен көбейе алуы үшін олардың саны шамамен 50 басқа жетуі керек. Біз осы мақсатқа ұмтылып отырмыз", – деді Әлібек Қуантыров.
Сондай-ақ, қазір елімізде шетелдік хайуанаттар бағынан әкелінген жолбарыстар барын, кейін олардың төлдерін табиғи ортаға жіберуге жоспарда барын айтты.


