«Маған ештеңе болмайды»: Алматыда заңды елемеген әйел жүргізуші жауапқа тартылды
- автор kyn.kz
- Бүгін, 21:03
- 1
Әлеуметтік желіде тараған видеода әйел көлікті қауіпсіздік белдігін тақпай басқарып, жол қозғалысы ережелерін сақтаудан әдейі бас тартқан. Сондай-ақ ол заң бұзғаны үшін өзіне ешқандай жаза қолданылмайтынын айтқан.
Алайда полиция қызметкерлері әйелдің жеке басын анықтап, көлігін тоқтатты.
Тексеру барысында оның бұған дейін сот шешімімен көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан, рөлге отырғаны белгілі болды.
Құқық бұзушыға қатысты бірнеше дерек бойынша әкімшілік іс қозғалды. Атап айтқанда:
* Жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан көлік басқару;
* Қауіпсіздік белдігін пайдалану ережелерін бұзу;
* Сот шешімін орындамау;
* Жалған ақпарат тарату.
Жиналған материалдар сотқа жолданды. Ал автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.
Сонымен қатар көлік жүргізу құқығынан айырылған адамға автокөлігін басқаруға берген көлік иесі де жауапкершілікке тартылды.
Полицияның ұстанымы айқын: заң алдында бәрі тең. Ешқандай байланыс, таныстық немесе дабыралы мәлімдеме заңды бұзуға құқық бермейді.


