Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Күйсандық, қылтима, себезгі, қырыққабат”: Тоқаев қисынсыз аударылған сөздер жайлы айтты

“Күйсандық, қылтима, себезгі, қырыққабат”: Тоқаев қисынсыз аударылған сөздер жайлы айтты
Сурет: ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір сөздердің қазақ тіліндегі қисынсыз аудармасы туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының айтуынша, кейбір аударылған сөздер кеңінен қолданысқа ие болған .

«Бірақ жалпы тіліміз басқа іргелес елдердің тілдерімен салыстырғанда әлдеқайда таза деп айтсақ, дұрыс болар. Мысалы, бұрын өте сирек пайдаланған немесе мүлде пайдаланбаған «тұжырымдама, қағидат, жоспар, сыйақы, шәкіртақы, еңбек өтілі, кешенді, әмбебап, жүйелі, тыңайтқыш, жанармай, көгалдандыру, босқын, қырғи-қабақ соғыс, қоқан-лоқы, лаңкестік, есірткі, бітімгерлік күштер, мәмілегер, ғарыш, зымыран, жаһан, ғаламтор, тікұшақ, жасанды сана, пайыз, сынып» сияқты сөздер тілімізде кең қолданыс тапты. Бұл – жақсы дүние», – дейді президент.

Сондай-ақ, дұрыс аударылған сөздермен қатар қисынсыз мағынада келтірілгендерді де атап өтті.

«Бірақ әр жақсы құбылыстың шегі болуы керек. Мысалы, «күйсандық (пианино), қылтима (балкон), субұрқақ (фонтан), себезгі (душ), қырыққабат (капуста), үнқағаз (газет), жеделсаты (лифт), желкөз (форточка)» және тағы басқа жасанды сөздердің қажеттілігі екіталай сияқты. Соңғы кезде дінге қатысты көне сөздеріміздің орнына араб сөздерін жиі қолдану сән болып кетті. Мұның да қажеттілігіне күмән бар», – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар