Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жылуға қатысты шағымдар көбейді: Бектенов әкімдерге тапсырма берді

Жылуға қатысты шағымдар көбейді: Бектенов әкімдерге тапсырма берді
үкіметтің баспасөз қызметі
Үкімет басшысы жылусыз қалған тұрғындардың шағымына жедел әрекет етіп, авариялық бригадаларды толық жұмылдыруды тапсырды.

Премьер-министр Олжас Бектенов Ақтау, Павлодар және Петропавл тұрғындарынан жылудың сапасына қатысты шағымдар түсіп жатқанын айтты. Үкімет басшысы өңір әкімдеріне жылыту маусымына жауапты штабтардың жұмысын күшейтіп, халықтың өтініштеріне жедел әрекет етуді тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде Олжас Бектенов барлық өңірде жылу беру маусымы басталғанын атап өтті. Оның айтуынша, жаз айларында энергетикалық жабдықтар, жылу және электр желілері жөнделіп, тұтынушыларға жылу бекітілген кестеге сәйкес беріле бастаған.

Алайда кейбір өңірлерде тұрғындар жылудың сапасына наразы немесе мүлде жылусыз қалған. Премьер-министр мұндай шағымдар Ақтау, Павлодар және Петропавл қалаларынан түсіп жатқанын жеткізді.

Өңір әкімдеріне жылу беру маусымына жауапты өңірлік штабтардың жұмысын күшейтіп, халықтың арыз-шағымдарына жедел әрекет етуді тапсырамын, – деді Олжас Бектенов.

Үкімет басшысы қыс мезгіліндегі жұмыстарға авариялық бригадалар мен арнайы техниканы толық жұмылдыру қажеттігін айтты.

Сонымен қатар өңір әкімдіктеріне халыққа қажетті көмірдің тұрақты бағамен қолжетімді болуын бақылауда ұстаукеректігін ескертті.

Энергетика министрлігі мен әкімдіктер энергия көздеріндегі жөндеу жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес аяқтап, қажетті жабдықтар резервін әзірлеуі керек.

Премьер-министр жылыту маусымында халықты тұрақты әрі сапалы жылумен қамтамасыз етуді, әсіресе әлеуметтік нысандарға ерекше назар аударуды тапсырды.

Айта кетейік, биыл өңірлердегі жылу желілерін жөндеуге 796 млрд теңге бөлінген.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар