"Химиялық заттың буын иіскеткен": Қарағанды облысында қызды зорлаған бес жасөспірім сотталды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:50
- 26
Қарағанды облысында бес кәмелетке толмаған жасөспірім қызды топ болып зорлағаны үшін сотталды. Сот олардың әрқайсысына рақымшылық заңын ескере отырып, 5 жыл 7 ай 15 күнге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Алайда 2025 жылғы рақымшылық туралы заңға сәйкес жаза мерзімі қысқартылып, 5 жыл 7 ай 15 күн болып белгіленді.
Сондай-ақ жәбірленушіге моральдық зиян ретінде 10 миллион теңге төлеуге міндеттеді.
Оқиға 2025 жылғы 14 ақпанда болған. Кәмелетке толмаған екі қыз күзетшілерге жасын жалған айтып, "Инфинити" караоке-клубына кірген. Олар онда үш сағаттан астам уақыт алкоголь ішкен.
Қатты мас болған қыздар үйіне қайтуға қорыққан. Сол жерде таныстарының ұсынысымен оның бес жасөспірім танысының пәтеріне барған. Сол жерде сотталушылардың бірі жәбірленушіге химиялық заттың буын иіскеткен. Кейін бес жасөспірім оның дәрменсіз күйін пайдаланып, зорлаған.
Бұған қоса, олар екі жыл бойы педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан айырылды. Жәбірленушінің 100 миллион теңге көлеміндегі моральдық өтемақы туралы талабы ішінара қанағаттандырылып, сотталушылардан ортақ тәртіппен 10 миллион теңге өндірілетін болды. Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.


