Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Нұрлан Жақыповтың ұсталғанын растады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ҰҚК ресми сайтына сілтеме жасап.
ҰҚК ақпаратынша, 11 қарашада ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Н. Жақыповты және "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Е. Отыншиевті, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен басқа да тұлғалар ұсталған.
"Істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - делінген хабарламада.
ҰҚК мәліметінше, Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес және "Заң мен тәртіп" қағидатын сақтау аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары жалғасып жатыр.


