Қазақстанда туу туралы куәлікте баланың фотосуреті қойылуы мүмкін
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 12:58
- 1
Оларды сәйкестендіру үшін фотосуреті мен жеке деректерін пайдалану ұсынылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Мәселені депутат Екатерина Смышляева көтерді. Оның айтуынша, куәлік баланың туылғаны туралы мәліметті растағанымен, құжаттың нақты сол балаға тиесілі екенін анықтау қиынға соғады.
"Қазір бізде фотосуреті бар құжат - баланың паспорты бар, оны ата-аналар әдетте шетелге шығу үшін рәсімдейді. Әділет министрлігі туу туралы куәлікке баланың жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін мәліметтерді қосуды жоспарлап отыр ма? Әлде бұл жерде басқа құжат немесе сәйкестендіру тетігі туралы сөз болып отыр ма?" - деп сұрады Смышляева.
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова бұл мәселені пысықтау үшін комиссия құрылып жатқанын хабарлады.
"Мәселенің күрделілігі биометрияны қолдануға және балалардың дербес деректерін қорғау туралы заңнама талаптарына байланысты. Баланы сәйкестендіру үшін оның фотосуреті мен сәйкестендіру мәліметтерін пайдалану нұсқасы қарастырылып жатыр", - деді Сүлейменова.



