Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Сот Боқаевтың өтінішін қанағаттандырды: сотталушы тіс дәрігеріне жіберілді

Сот Боқаевтың өтінішін қанағаттандырды: сотталушы тіс дәрігеріне жіберілді
Сурет: ашық дереккөздерден
Алматы қаласының Алмалы аудандық сотындаСанжар Боқаев пен оның сыбайластарынақатысты қылмыстық істі қарау жалғасып жатыр.

Бүгін – 18 қарашада Санжар Боқаев сотқатісінің ауырып тұрғанын айтып, стоматологтыңқабылдауына баруға рұқсат беруін сұрады. Төрағалық етіп жатқан судья айыпталушының өтінішін қанағаттандырды.

Куәгерлер өз айғақтарын беріп болды. Қазіргіуақытта сот отырысында іс материалдары, банктің үзінді көшірмелер мен қаржылыққұжаттар зерделеніп жатыр.

Еске сала кетейік, Санжар Боқаевқа ҚазақстанРеспубликасы Қылмыстық кодексінің бес бабы бойынша айып тағылған. Атап айтқанда, аса ірімөлшердегі алаяқтық, қылмыстық жолменалынған қаражатты заңдастыру, ұрлық, ағаштарды заңсыз кесу және көрінеу жалғанақпарат тарату.

Аталған іс бойынша өзге де айыпталушылардың қатарында оның жиеніМадиар Қалменов пен мобилограф ҰланНүсіпқожа бар. Мадиар Қалменовке алаяқтықжәне қылмыстық жолмен алынған кірістердізаңдастыру, ал Ұлан Нүсіпқожаға ұрлық, ағаштарды заңсыз кесу және көрінеу жалғанақпарат тарату айыптары тағылып отыр.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар