Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда баласы бар қызметкерлер жұмысқа кеш келетін болады

Қазақстанда баласы бар қызметкерлер жұмысқа кеш келетін болады
ашық дереккөз
Шпекбаев: Балаларын мектеп пен балабақшаға апаратын қызметкерлер үшін жұмыс 9:30-да басталады
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев икемді жұмыс кестесі кімдер үшін енгізілетінін мәлімдеді, Агенттік қазір икемді жұмыс кестесін сынақтап өткізіп жатыр. "Күн сайын балабақша мен мектепке баласын апаратын қызметкерлер үшін жұмыс уақыты таңғы 9.30-да басталады. Сондай-ақ қызметкерлердің үштен екісі түскі үзіліс уақытын ұзарту қажеттігін айтты. Олар үшін жұмыс уақыты жарты сағатқа кеш аяқталады. Яғни сағат 19.00-де", — деді Шпекбаев бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы туралы кеңейтілген алқа отырысында. Айтуынша, егер жоба сәтті жүзеге асып, оң нәтиже берсе, онда жаңа жұмыс кестесі басқа да мемлекеттік органдарда енгізіледі.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар