Ақмола облысындағы "Авиценна-Бурабай" мекемесінің дәрігерлері жалақысыз қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының айтуынша, жекеменшік мекеме өздері серіктес болған мекемелерге қарыз болған.
"Мемлекеттік-жекешелік серіктестік шартын бұзу процесі аяқталу сатысында тұр. Қазіргі уақытта басқарма қажетті ұйымдастырушылық және құқықтық мәселелерді пысықтап жатыр. Серіктестіктің барлық банктік шотына кредиторлар алдындағы берешегіне байланысты тыйым салынған", - деп түсіндірді басқарма.
Ведомствоның хабарлауынша, Қазақстан заңнамасы мен атқарушылық құжаттарға сәйкес, шоттарға түсетін қаражат еңбекақы төлеуге емес, кредиторлар алдындағы берешекті өтеуге автоматты түрде есептен шығарылады.
Қазіргі уақытта басқарма қалыптасқан берешекті реттеу және қызметкерлерге жалақы төлеу мәселесін шешу үшін кредитор компаниялармен келіссөз жүргізіп жатыр.



