Оның айтуынша, бүгінде музей тарихи-мәдени мұраны сақтайтын орын ғана емес, мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға және болашақтың бағдарын айқындауға ықпал ететін маңызды қоғамдық институт болып табылады.
Осы бағытта музей ерекше қажеттіліктері бар адамдарға және халықтың түрлі әлеуметтік топтарына арналған тақырыптық көрмелер, арнайы шеберлік сабақтары мен басқа да іс-шаралар ұйымдастырып келеді.
«2027 жылдың бірінші жартыжылдығында аутизмі бар балаларға қолдау көрсететін Болат Өтемұратов қорымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспарланып отыр. Серіктестік аясында даму ерекшеліктері бар балаларды мәдени өмірге тартуға және музей ортасының қолжетімділігін арттыруға бағытталған арнайы іс-шаралар ұйымдастыру көзделген», – деді Сержан Саров.



