Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мерекелік көңіл күй және алғашқы сайлаушылар: Алматыда дауыс беру күні қалай басталды?

Мерекелік көңіл күй және алғашқы сайлаушылар: Алматыда дауыс беру күні қалай басталды?
kyn.kz
Дауыс беруге ниеттілер көп: Алматының сайлау учаскелерінде кезек пайда болды.

29 қараша күні таңертең Алматыда 670 сайлау учаскесі ашылды. Дауыс берудің алғашқы минуттарынан бастап Жетісу ауданындағы №337 және №343 сайлау учаскелерінде тұрғындардың белсенділігі байқалды. Екі учаскеде 150-ден астам адам дауыс беріп үлгерген.

Алматылықтар сайлауға көтеріңкі көңіл күймен келіп жатыр. Олардың көпшілігі отбасыларымен бірге дауыс беруге келген. №57 және №43 мектептерде орналасқан сайлау учаскелерінде «Менің таңдауым» тақырыптық фотозоналары әзірленіп, Алматының тарихына арналған кітаптар, балалардың суреттері мен қыш өнері бұйымдарының көрмелері ұйымдастырылған.

Қалыптасқан дәстүр бойынша алғашқы сайлаушыларға естелік сыйлықтар табысталып жатыр.

Дауыс берушілер арасында әртүрлі буын өкілдері – жастар да, егде жастағы азаматтар да бар.

Учаскелік сайлау комиссияларының бірінің мүшесі Жетісу ауданы тұрғындарының дәстүрлі түрде сайлауға белсенді қатысатынын атап өтті.

№343 сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып 90 жастағы Борис Пирог дауыс берді. Отставкадағы офицер Жетісу ауданында 25 жылдан астам уақыт тұрып келеді. Осы жылдар ішінде ол бірде-бір сайлаудан қалмаған.

Сайлау комиссиясының мүшелері Борис Пирогты жақсы таниды. Құрмет белгісі ретінде комиссия төрағасы оған естелік сыйлық табыстады.

Еске салайық, Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар