Велосипедіне 9 тоғыз жасар бүлдіршінді отырғызған 12 жастағы бала жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан.
Патрульдік көліктің жүргізушісіне қатысты процессуалды құжаттар толтырылды
Бұл елордалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
Жол апаты 20 шілде күні Сейфуллин мен Рақымов көшелерінің қиылысында болған. Сол сәтте оны патрульдік көлік қағып кетеді.
"Жол апаты фактісі бойынша анықтау шаралары жүргізіліп жатыр", — деп хабарлады полиция.
Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Балалар медициналық мекемеге жүгінбеген. Жол-көлік оқиғасы елордалық полицияның бейнекамераларына түсіп қалған.
Патрульдік көліктің жүргізушісіне қатысты процессуалды құжаттар толтырылды. Құжаттар процессуалды шешім қабылдау үшін Астананың әкімшілік полиция басқармасына жолданды.