Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мұхтар Тайжан Денистен кешірім сұраған Сүлейменовке: Осы жағдайға арын сатқан сіздер кінәлісіздер

Мұхтар Тайжан Денистен кешірім сұраған Сүлейменовке: Осы жағдайға арын сатқан сіздер кінәлісіздер
ашық дереккөз
Танымал қоғам белсендісі Олжас Сүлейменовтің айыбын ашып, қоғамдағы былықтарға замандастарымен бірге ақынның кінәсі барын ашып айтты.
Желіде Олжас Сүлейменовтің Денис Тенге арнаған өлеңі үлкен талқыға түсті. Соңы дауға жалғасқаны тағы бар. Белгілі қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан ақын Олжас Сүлейменовті Қазақстандағы тәртіпсіздік пен қоғамның "жетілмей қалғаны үшін" кінәлі екенін дүйім жұрттың алдында ашып айтты. "Олас Сүлейменовтің марқұм Дениc Теннен елдің атынан кешірім сұрағанын көрдім. Олжеке, өте кеш. Сіздің 2011 жылы президент сайлауында қалай жұмыс істегеніңіз әлі есімізде. Сіз бен, сіздің достарыңыз Заманбектің, Алтынбектің, жаңаөзендіктердің өлімін "байқамадыңыздар". Елді осындай тоналған, қарызға батқан, көшедегі қылмысқа үйренген күйде  қалдырып, сол күйінде жастарға тастап кетіп жатқандардың бірі сіз өзіңізсіз. Енді осы мәселенің барлығын бізге, бізденде жастарға реттеуге тура келеді. Ал сіз  атыңыз бен арыңызды сатып ұйқыңыз тыныш, бар дәмді алдыңызда болып шалқып өмір сүрдіңіз. Сондықтан, Олжеке, жастардан кешірімді кеш сұрадыңыз. Ізіңізден қаламас жаман аттан арылғыңыз келген болар. Көптеген жылдар бойы "бір жерді"  жалаған тіліңізді жуғанмен, ештеңе өзгермейді, ол кір кетпейді. Теннің өлімі бар, бүкіл жастардың алдында басқа да мәселелерде сіздердің, сатқын замандастарыңыздың кінәсі көп."-деп жазды Мұхтар Тайжан. Ал журналист Қанат Тілеухан болса ол өлең жолдарын Сүлейменов жазбағанына сенімді. "Желіде шыққан өлеңді Олжас жазған жоқ.Біріншіден өлең өте нашар жазылған. Олжекеңнің стиліне мүлдем келмейді. Екіншіден Олжекең өзі қайғы жұтып отыр. Үшіншіден жуырда президенттің қабылдауында болды. Ондай сөздерді жазуға жүрегі дуаламайды. Жазғысы келсе дәл бұлай қарабайыр мақала сияқты жазбас еді. Өз ойым!",- деп жазды Қанат Тілеухан.    
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар