Басты жаңалықтар
Ақтөбеде жағажайда жүрген балаларды топырақ басып қалды
- автор kyn.kz
- 22 шілде, 2018
- 289
Топырақ басып қалған екі қызды дереу сол маңдағылар құтқарып қалды
Ақтөбе қаласында жағажайда демалып жатқан адамдарды топырақ үйіндісі басып қалды. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті.
«22 шілде күні сағат 12.47-де Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе су қоймасының «Інжу» жекеменшік жағажайында демалушылардың үстіне жардан бөлінген топырақ массасы құлады. Оқиғаға куә болғандар 2017 және 2016 жылы туған екі қызды құтқарды.
Олар жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Төтенше жағдайлар комитеті Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетті», - деді Р.Иманқұлов.
Оқиға орнына сондай-ақ Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Шұғыл-құтқару жасағының құтқарушылары жұмылдырылды.
Келесі мақала