Балғынбек Имаштың Денис Тенді жоқтаған арнау жолдары елді жылатты
- автор kyn.kz
- 23 шілде, 2018
- 307
Ақынның айтуынша, әлеуметтік желілерде Денистің қазасы жайлы толып кеткен жазбалардан соң, ол қол қусырып отыра алмапты. Арнауды ақын өзінің инстаграм парақшасына жазды.
"Айна кетті, ұрланып, айна кетті,
Қанішерлер көлікті майдан етті.
Айна көлдің айналған Айнасына,
Алашымның Денисі қайда кетті?
Әй, қарақшы, ұрлық жеп, май кекірген.
Денис - қазақ, әлемге әйгі етілген.
Жер жүзіне танымал ерді өлтіріп,
Ел жүзіне қарайсың қай бетіңмен?
Сақшы да ортақ болмаса несібеге,
Ұрлықшылар соншалық есіре ме?
Алла - Ғаффар, бірақ, Ол - Әділетті,
Кісі ақысын жегенді кешіре ме?
Сататындар базарда ұрлықы зат,
Түсірдіңдер жүрекке түрлі сызат!
Қалай жауап бересің, Алла алдында,
Саған қарсы сөйлейді күллі құжат?!!
Қылмыскерлер қырып жүр айналаңды,
Ар-иман мен "Ата Заң" қайда қалды?
Өз ерлерін өзге емес өзі өлтіріп,
Қазақ неге соншалық майдаланды".
Ақын бұл өлеңді жазғанда көз жасына ерік бергенін жасырмады.
Естеріңізге сала кетейік, 19 шілде күні қаза тапқан Денис Теннің денесі, 21 шілде күні "Дружба" ауылындағы зиратқа қойылды.
https://www.instagram.com/p/BldkXtGlqKG/?utm_source=ig_web_copy_link