Басты жаңалықтар
Қатерлі ісік кезінде аспириннің пайдасы зор екені дәлелденді
- автор kyn.kz
- 23 шілде, 2018
- 784
Ғалымдар аспиринді қандай мөлшерде тұтынса, қандай ауруларға дауа екенін анықтады.
Мамандар зерттеу жүргізіп, оған 750 әйел қатысты. Жалпы саны 13 деректі талдап, нәтижесін тексерді. Бұл туралы HealthXpress баспасөз хабарламасында айтылды.
Еріктілер аспиринді қабылдау арқылы тәжірибе жүргізді. Анықтағандай, 3500-ден астам әйелде жатыр қатерлі ісігі дамығаны белгілі болды.
Зерттеу нәтижесі аспириннің төмен дозасының қатерлі ісіктің пайда болу қаупін 10 пайызға төмендететінін көрсетті.
Моффрит орталығының және Манауадағы Гавайи университетінің мамандары жүргізген тағы бір зерттеудің нәтижесі, Жатыр ісігіне шалдыққан әйелдер аспирин мен қабынуға қарсы стероидті емес дәрі-дәрмектерді қабылдай бастағаннан кейін олардың аман қалу көрсеткішінің 30 пайызға жоғарылағанын көрсеткен. Ғалымдардың пікірінше, қатерлі ісікті емдеу және алдын-алу үшін ұсынылуы мүмкін препараттың дозасын анықтау үшін қосымша зерттеулер жүргізу қажет.
Келесі мақала