Ақмола мен Қарағанды, Батыс және Шығыс облыстарында найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін. Желдің екпіні 15-20 м/с- ке дейін күшейіп, тұман болады. ШҚО-нда дауыл болуы ықтимал.
Алматы, Павлодар облыстарында кей жерлерде найзағай байқалады, жел 15-20 м/с, бұршақ жаууы мүмкін, Алматы облысында – тұман.
Жамбыл облысының кей жерлерінде жел күшейеді 15-20, екпіні 23 м/с, таңертең және күндіз найзағай болады. Бұршақ жаууы ықтимал.
Түркістан, күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда, Ақтөбе облыстарындың кей жерлерінде жел күшейеді 15-20 м/с, шаңды дауыл тұрады. Қызылорда облысында түнде және таңертең - найзағай. Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысында күндіз найзағай болады.
Алматы, Атырау облыстарында, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.