Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шымкенттік әкім халықпен кездесуді дүркіретіп қымбат мейрамханада өткізді (фото)

Шымкенттік әкім халықпен кездесуді дүркіретіп қымбат мейрамханада өткізді (фото)
ашық дереккөз
Ауданның жаңа әкімі тұрғындарымен жақын танысып, ардагерлердің ақ батасын алу үшін осындай себепсіз мерекені өзі ұйымдастырғанын мойындады.
Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов тұрғындармен кездесуді қымбат мейрамханада өткізді. Шақырылған қонақтар алдына табақ-табақ ет пен тәттілер қойылды.
Кездесу туралы  барлық ақпарат Әл-Фараби ауданы әкімдігінің Facebook желісіндегі парақшасында жазылды.

Мейрамханаға  тұрғындардан бөлек зиялы қауым өкілдері де келген екен.

Ауданның жаңа әкімі  тұрғындарымен жақын танысып, ардагерлердің ақ батасын алуды құп көрген.  width= Кездесуде аудан ақсақалы Нұрғали Нұртаев бата беріп, Абдул Хамит Қаттани мешітінің наиб имамы Анарғали Керімбеков құран оқыған. Осылайша, ауданның жаңа әкімі Ғабит Мәуленқұлов тұрғындармен бірінші кездесуін айрықша етіп өткізді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар