Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтөбе КВН командасының ойыншысын өлтірген күдіктілер ұсталды

Ақтөбе КВН командасының ойыншысын өлтірген күдіктілер ұсталды
ашық дереккөз
Ақтауда аяғынан пышақ жарақатын алып, қаза тапқан Ақтөбе КВН командасының ойыншысы болған Данияр Әлімбаевты өлтірді деген күдіктілер қолға түсті

Маңғыстау облысының полицей қызметкерлері  Ақтөбенің КВН командасының бұрынғы ойыншысы  Данияр Әлімбаевты өлтірді деген күдікпен үш адамды ұстаған.

Қазір "Адам өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалған. Олардың үшеуі де Ақтау тұрғындары.

Айта кетейік, Ақтауда 21 шілдеге қараған түні 32 жастағы Әлімбаевты аяғынан пышақтап, күретамырын кесіп жіберген. Ол аса ауыр хәлде ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.  Марқұмның артында төрт баласы қалды.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар