Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қостанайдағы 18 жасар бойжеткеннің өлімі: құзырлы органдар оқиғаның бірнеше нұсқасын ұсынып отыр

Қостанайдағы 18 жасар бойжеткеннің өлімі: құзырлы органдар оқиғаның бірнеше нұсқасын ұсынып отыр
ашық дереккөз
Кешке жүгіруге кетіп , қайта оралып келмеген қыздың өліміне қатысты тергеу жұмыстары жергілікті ішкі істер департаментінің бақылауында
Аталмыш оқиғаны тергеу өңірдің ішкі істер департаменті басшысы, полковник Бекет Аймағамбетовтың басшылығымен жүргізілуде.
Бойжеткен 20 шілде күні кешке жүгіруге кетіп, қайта оралмаған. Ал келесі күні орман ішінен зорлық-зомбылық белгілері бар денесі табылды. "Істі тергеу ерекше бақылауға алынды. Күдіктілерді табуға бағытталған шаралар атқарылып жатыр, сараптамалар тағайындалды. Полиция оқиғаның бірнеше нұсқасын ұсынып отыр", — деп  "Костанайские новости" басылымы жазды. Қазірде бақылау камераларына түсірілген видеолар зерттеліп, Қостанай – Затобольск жолымен жүрген жүргізушілерден жауап алынуда.
 
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар