Басты жаңалықтар
Австриялық әжей кірпігін мерзімі 20 жылға өтіп кеткен тушьпен бояп, көзі көрмей қалды
- автор kyn.kz
- 23 шілде, 2018
- 402
Мерекелік кешке барамын деп көзін тушьпен бояған әйел енді өмір бойы соқыр болып қалуы мүмкін.
Австриялық зейнет жасындағы әйел кірпігін мерзімі 20 жылға өтіп кеткен тушьпен бояп, көзі көрмей қалды. Бұл туралы The independent жазды.
Аделаида қаласының тұрғыны Шарли Поттер өзінің қыздарымен қыдыруға барайын деп жатқан сәтінде, кірпігін бояйды. Келесі күні оған көзінің қызарып, ісіп тұрғанын айтады.
Әйелдің сол жанары өмір бойы көрмегеніне қарамастан, уақыт өткен соң көзі ауырлай бастайды.Сәтсіз макиаждың кесірінен Шарлидің көзі бірнеше ай бойы ауырады.
Офтольмологқа барғанда, оның өте қауіпті көздің инфекциясымен ауырғандығын білді.Ол мерзімі өтіп кеткен бояуды жаққаннан кесірі екені анықталды.
Сол уақытқа дейін әйел екі көзімен көрмей қалған еді. Сондай-ақ дәрігердің болжамынша, үш жылдың ішінде ол мүлдем соқыр болып қалуы мүмкін.
Келесі мақала