Спортшының көзі тірісінде берген соңғы сұхбатынан үзінді.
19 шілде күні құйрықты жұлдыздай ағып түскен мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен көзінің тірісінде соңғы рет Gakku арнасының «Жауап бер» атты бағдарламасына сұхбат берген-ді. Назарларыңызға спортшының осы сұхбатынан үзінді ұсынамыз.
Спортшы өз жетістіктерімен мақтанғанды ұнатпайтынын айтады.
«Белгілі бір жетістікті атап көрсете алмаймын. Бар болғаны өзімді бақытты адаммын деп санаймын. Өмірде керемет жолым болған адаммын. Әңгіме менің жетістіктерім туралы болып жатқан жоқ. Отбасым, менің қоршаған атмосфера туралы айтып жатырмын. Бұл нәрселерге мен тікелей әсер етпегенмін. Бац... және жолым болды. Барлығы да осы өзім тікелей әсер етпеген нәрселердің салдары. Өзімді осылай жасап, керемет болып кеттім деп айта алмаймын», - дейді ол. Сондай-ақ, ол өзін дәл осындай отбасында дүниеге келгені үшін ең бақытты жандардың қатарына қосатыны туралы айтқан.
«Отбасым тамаша. Қайда барсам да, «Достар, отбасыммен, анаммен, әкеммен және ағаммен қаншалықты жолым болғанын білсеңдер ғой» деп айтып жүремін. Бала кезімде барлық отбасы бірдей деп ойлайтынмын. Кез келген сұрағыңа жауап бере алатын әкең бар. Техникалық тұрғыдан болсын. «Әке неге аспан көк?» дегендей. Ал ол өз кезегінде неліктен екенін түсіндіре бастайды. Әлі күнге дейін неліктен екенін білмейді екенмін. (Күлді.) Ал анама келер болсақ, «Мама, анау бүйтіп қойды» десең, келіп барлығының быт-шытын шығаратын адам. Әрине, аздап әсірелеп жатырмын. Анаң сен үшін бәріне дайын. Мен өмірден ләззат алу үшін ғана келгендеймін. Мұны құрметтемеуге, бағаламауға болмайды. Көптеген балалар бұл кезеңді байқамай өседі. Ал мен мұның қаншалықты керемет екенін түсінемін. Қазір мен ата-анаммен өткізген әр сәтті бағалаймын. Өкінішке орай, уақыт бір бағытта ғана жүреді. Уақыт атты қозғалыс тоқтаудың не екенін білмейді», - дейді ол.
Автор: Kyn.kz