Басты жаңалықтар
Жасы жүзден асқан әже ұрыларды таяқпен ұрып, үйінен қуып шығарды
- автор kyn.kz
- 23 шілде, 2018
- 359
Берлин қаласында 103 жастағы зейнеткер үйіне түскен ұрыларды таяғымен қуып шықты
Немістің Берлин қаласында қарт әже ұрыларды таяқпен ұрып, қуып тастады. Бұл туралы The local басылымы жазды.
103 жастағы зейнеткер үйден шығып бара жатқан сәтінде, 2 ұры үйіне баса кіреді. Олар оны ас бөлмеге апарып, бір құжаттарға қол қоюын талап етті.
Ұрылардың тағы біреуі үйдің сыртында қалып, бәрін бақылап тұрды.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, ұрылар бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс жасаған. Біреуі әжейдің көңілін аулап жатса, қалған екеуі осы уақытты пайдаланып, үйдің заттарын ұрлап алуға тырысқан.
Алайда әже олардың барлық жоспарын құртты. Құжаттарға қол қоюға қарсы болды. Кейін ұрылардың бірі жақындаған кезде таяғын алып, ұра бастады. Сөйтіп, өзі еш зардап шекпей, бұзақыларды үйінен қуып шықты.