Басты жаңалықтар
Енді әр қазақстандық қымбат көлігі мен баспанасын қандай табысына алғаны туралы есеп береді
- автор kyn.kz
- 23 шілде, 2018
- 267
Қаржы министрлігі жылына әр адамның табысын бір рет есептейтін болды
Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация қабылданды.
Атап айтқанда, ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 маусымдағы қаулысы бекітілді. ҚР нормативтік-құқықтық актілердің ақпараттық жүйесінде атап өткендей, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жарияланады. қолға алынатын болады.
Құжатта : «Осы Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны (250.00-нысан) жасау қағидалары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы ҚР Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленді және жеке тұлғалардың активтері мен міндеттемелері туралы декларациясының жасалу тәртібін айқындайды», - делінген
Бұдан бұрын хабарланғандай, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, әр қазақстандық өзінің жеке мүлкі мен кірісі туралы жылына бір рет есеп беруге міндеттеледі.
«Декларацияда үйде сақтаулы тұрған қолма-қол қаражатты да көрсету керек. Егер қолма-қол ақша көлемі ең төменгі жалақы көлемінің 500 есесінен асып кетсе (Еңбекақының ең төменгі мөлшері - 28 284 теңге), банкте есепшот ашып, қаражатты сонда сақтауыңыз керек. Сосын банкте осындай қаражатыңыз бар екенін көрсетесіз», - деп түсіндірді ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Мәди Тәкиев.
Кәмелеттік жасқа толмаған, бірақ тіркеуде тұрған мүлкі бар тұлғалар үшін декларацияны ата-анасы немесе қамқоршысы жеке сәйкестік нөмір арқылы толтырады.
Алдын ала болжам бойынша, 2020 жылы декларацияны Қазақстан бойынша шамамен 12 млн 900 мың адам толтырады. Оның ішінде қаладан 7,4 млн адам және 5,5 адам - ауыл тұрғындары болады деп күтілуде.