Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Досы: Денис Тенге үнемі жігіті бар қыздар ұнап қала беретін

Досы: Денис Тенге үнемі жігіті бар қыздар ұнап қала беретін
ашық дереккөз
Санжар Мәдиев спортшыға жалғыз жүруге тыйым салғаны туралы айтып берді
Жуырда отандық басылымдардың бірінің бас редакторы Зәуре Розмат Денис Теннің жақында қызбен жүре бастағанын айтқан-ды. Ал Санжар Мәдиев өз кезегінде оған көбінесе жігіті бар қыздардың ұнап қала бергенін айтады. Тіпті, осы үшін оны «мачо» деп атаған екен. Бұл туралы актер «Звезда по имени Тен» атты деректі фильмдегі естелігінде бөлісті, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі Хабар арнасына сілтеме жасап. «Біздің қарым-қатынасымыз өте ерекше болды. Бір-бірімізді жиі мазақтап, көп әзілдесетінбіз. Оны «мачо» деп айтатынбыз. Себебі, оған жігіті бар қыздар ұнап қала беретін. Дениске Астанада болсын, Алматыда болсын, көшеде жалғыз жүруге рұқсат бермейтінім есімде. Ол осы әрекетім үшін қатты ашуланатын еді. Мен «Сен не десең де, қонақүйге дейін шығарып саламын» деп айтатынмын. Өзімді оған қамқор болу керектей сезінетінмін. Біз оны «ортаңғы ұл» деп айтатынбыз. Оның мықты спортшы екенін, әрине, жақсы түсінетінмін. Десе де, оны қорғауым керек сияқты бір сезім болатын», - дейді Санжар Мәдиев. Автор: Kyn.kz
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар