Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Гүлзира Айдарбекова: Алла Денисті тәубемізге келтіру үшін алған шығар

Гүлзира Айдарбекова: Алла Денисті тәубемізге келтіру үшін алған шығар
ашық дереккөз
Продюсер ұрылардың неліктен спортшының аяғын жарақаттағандарын түсіндіруге тырысты.
Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында Денис Тен туралы жазбасын бөлісіп, бұл оқиғаның барша қазақ үшін сабақ болатынын жеткізді, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. «Жүрегі қазақ деп соққан қаншама азаматтарымыз қайғырып жатыр. Себебі, Денис ұлты басқа болғанымен, Қазақстанның азаматымын деп, көк туымызды көкке желбіретті. Біздің намысымызды қорғады. Қалайша жүрегіміз қанжыламасын?! Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді демекші, қазағымыздың мейірімге толы жүрегін жоққа шығарғандай, өз қазақ жігіттеріміздің өлтіргені... Иә, бес саусақ бірдей тең емес дегендей, адамдардың бәрі бірдей емес. Өскен ортаға, ұясындағы тәрбиеге, тіптен, ата-бабасының қанынан келе жатқан мінезге де байланысты. Жігіттеріміз ұрлық пен зорлық жасамай, өнегелі ұрпақ болып қалыптасуы үшін қандай шикілік жасаудамыз, ол жағын да ойлағанымыз жөн», - дейді ол. Сондай-ақ, ол ұрлықшылардың мұндай қадамға баруына не себеп болғанын түсіндіруге тырысты. «Ұрлық жасаған жігіттердің де тағдырының тәлкегі шығар. Бәлкім өлтіремін деген арам ойы да болмаған шығар. Қуатын болса, жүгіріп жете алмасын деп ішіне сұқпай, суық пышағын аяғына тыққан шығар. Бәрі де мүмкін. Қаншама адамның қарғысын алып жатыр. Ал ата-аналары, бауырлары күйіктен жер бауырлап, өздерін қоярға жер таппай жатқан да болар. Денис жігіттерімізге сабақ болсын деп өзі қыршын кетті ме? Қалай десек те, ол көптеген адамға ой салып кетті. Миымызда 1001 сұрақ бар. Адамға ренжиміз бе әлде қоғамға ма? Әлде қоршаған ортаға ренжиміз бе? Келер ұрпағымыз үшін қандай қателіктер жіберіп отырмыз – осы туралы ойланатын кез жетті. «Қарғайын десем жалғызым, қарғамайын десем жалмауызым» демекші, айналып келгенде бәріміз бір қазақтың баласымыз, қанымыз бір. Мысалы, құрылыс салсақ, Өзбекстан, Түркия, Қырғызстаннан келіп біздің жерімізден нәпақасын тауып жатқан ұлт жігіттері, мейрамханаларда қара жұмыс жасайтын өзге ұлт азаматтары. Неге өзіміздің жігіттер жасамасқа? Ұрлық жасап, жеңіл жолмен табыс тауып, қарғыспен өмір сүргенше, қара жұмыс болса да, неге қара тер, адал еңбекпен нанын жеп алғыс алмасқа, отбасын асырамасқа?! Абырой мен берекенің бәрі осы қара жұмыстан басталатынын неге бүлдіршін кезінен үйретпейміз? Қате басып, бармақ тістеп қалмау үшін бәрін өзімізден бастасақ, нұр үстіне нұр болатынын ұмытпайық! Алла не үшін жақсыларымызды алып жүрегімізді қан жылатады? Осының бәрін көріп, жан-жағына қарап тәубесіне келсін деп сынақ береді», - деп жазды Гүлзира Айдарбекова. Автор: Kyn.kz
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар