Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Анаға апарар жол» фильмі америкалық кинотеатрларда көрсетіледі

«Анаға апарар жол» фильмі америкалық кинотеатрларда көрсетіледі
ашық дереккөз
Танымал компания киноны көрсету құқығын сатып алды.
Жуырда қазақстандық «Анаға апарар жол» фильмі шетелдік кинотеатрларда көрсетіле бастайды. Себебі, World Wide Motion Pictures кинокомпаниясы қазақстандық фильмді АҚШ аумағында көрсету құқығын сатып алды, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. Бұл жаңалықты алғашқылардың бірі болып Ақан Сатаев өзінің Instagram парақшасында бөлісті. «Достар, @WWMPC «Анаға апарар жол» фильмін АҚШ аумағында көрсету құқығын сатып алды. Біздің туындымыз осы жылы күзде АҚШ кинотеатрларында көрсетілетін болады», - деп жазды режиссер. Естеріңізге сала кетсек, аталған фильм Нью-Йоркте өткен кинофестивальде «Үздік көркем фильм» номинациясын жеңіп алған еді. Сондай-ақ, өзге мемлекеттерде де жоғары марапатқа ие болды. Автор: Kyn.kz
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар