Денис Тенді өлтіргендерді қолдаған мұғалім өз еркімен мектептен кетуге әзір
- автор kyn.kz
- 24 шілде, 2018
- 277
Желі қолданушылардың математика пәні мұғалімінің бұл жазбасына бірден ашуларын келтірді. Ал ІІМ болса, ашуға булыққан халықтың шағымына лезде көңіл бөліп, назар аударды. Сенбі күні Шерхан Байзеновтан жауап алу үшін БҚО ішкі істер департаментіне жеткізіледі.
Қазіргі таңда ұлтаралық алауыздық тудырғаны үшін мұғалімнің үстіне қылмыстық іс қозғалып, одан ешқайда шықпау туралы қолхат алынды. Сондай-ақ Байзенов әлеуметтік желіге спортшының ата-анасынан, туған-туыстарынан кешірім сұрап, видео жүктеген болатын.
Оқушылардың ата-аналары да мұғалімді айыптап, балаларын оның сабағына жібермейміз деген байламға келді. Ал мектеп директоры Азамат Маемердің айтуынша, Байзенов өз еркімен мектептен кетуге дайын екен.
Еске салсақ, 19 шілде күні Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен көлік ұрыларының қолынан қаза тапты. Спортшы ұрылардан пышақ жарақатын алды. Үш литр қан жоғалтқан Тен кешкі бестер шамасында емханада көз жұмған еді.