Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Астанада шу шығарған жарнама баннерінің авторы ұсталды

Астанада шу шығарған жарнама баннерінің авторы ұсталды
ашық дереккөз
Елорда полиция қызметкерлері "Arman Deluxe" элиталы тұрғын үй кешенінің қоршауына дау тудырған жарнама баннерін орнатқан қала тұрғынын ұстады
Астана  ІІД  баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, елорданың элиталы үйінің қоршауындағы шулы баннер авторы ұсталды. Дау тудырған баннерде «Біз өзімізді жоғары санаттағы адам ретінде санағандықтан, қоршаумен қоршап алдық, ал қаздар доңыздарға көрші емес» деп жазылған екен. Бұл жазбаға қатысты видео Фейсбук әлеуметтік желісіне жарияланған болатын. Онда ролик авторы оқиғаның мән-жапсарын айтып берген еді. Айтуынша, тұрғын үй кешенінің алдына жаяу жүргіншілердің жолын жапқан ұзын темір қоршау орнатылған. Ал, қарама-қарсы бетте орналасқан жатақхана тұрғындары ең құрығанда кішкене қақпа жасап қоюларын өтінген. Бірақ олардың өтінішін тыңдаған бірде-бір жан табылмапты. Алайда  оған жауап ретінде көрші үйдің тұрғыны қоршауға осы дау тудырған жазбаны орнатқан. «Елордалық полицейлер “әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұдан бөлек, полицейлер жедел іс-шаралар жүргізу кезінде баннерді түсіріп, таратқан жергілікті тұрғыннің аты-жөнін анықталды. Оған қатысты тергеу жүріп жатыр, оның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады», – делінген Астана  ІІД баспасөз қызметінің жіберген  хабарламасында.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар