Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Балалар таразысымен өлшеуге келмейді: Көпбалалы ана 8 келілік алып сәбиді дүниеге әкелді

Балалар таразысымен өлшеуге келмейді: Көпбалалы ана 8 келілік алып сәбиді дүниеге әкелді
ашық дереккөз
Тәжікстанның оңтүстігіндегі Куляб қаласында ел тарихында алғаш рет салмағы сегіз келі бала дүниеге келді.
Тәжікстанның оңтүстігіндегі Куляб қөаласында көпбалалы ана ел тарихында алғаш рет 8 келілік сәбиді дүниеге әкеліп отыр. Өмір есігін енді ашқан тәжік батырының салмағын балалар таразысымен өлшеуге келмейді. Дәрігерлердің пайымынша, қазірде баласы мен анасының жағдайы жақсы, тұрақты болып отыр. "Сәби туылғанда оның салмағы сегіз келі болды. Төрт күн өткен соң ол 800 грамм жоғалтып алды. Анасы үшін босану үрдісі өте ауыр болды. Бастапқыда біз оған тыныс алуға көмектестік. Ал енді өз еркімен дем ала алады. Анасының жағдайы тұрақталынды", - деп айтты дәрігерлер. Қызығы сол,  нәресте туа біткен семіздікке шалдықпаған. Тәжірибелі дәрігерлердің мәлімдеуінше, бала бар болғаны ірі. Сәби өз отбасында туылған бесінші бала екен.  Ал  ірі салмақты нәрестені  дүниеге әкелген ана, мұндай алып денелі батырды  туам деп ойламадым да дейді. "Мен ауырлықты сезіндім. Бірақ енді сегіз келілі бала туамын деп ойламадым. Біздің тұқымымызда мұндай жағдай болмаған. Бұған дейінгі төрт балам да 3,5-4,5 келі арасында болып туылды. Сол себепті баламның денсаулығы үшін қатты алаңдадым", - деп айтты ол. Сегіз келі болып туылған тәжік батырын Худодод деп қойған. Қазақ тіліне аударғанда оның аты "Құдайберген" деген мағынаға ие. Қазіргі таңда баланың денсаулығын дәрігерлер жіті бақылауларында ұстауда. Худодод жағдайы тұрақталғанда ғана отбасымен қауыша алады екен.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар