Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бүркіт: Көлік айнасын ұрлайтындардың жоғарыдағы "крышасы" бар

Бүркіт: Көлік айнасын ұрлайтындардың жоғарыдағы "крышасы" бар
ашық дереккөз
Танымал әнші Бүркіт ұрылардың жоғарғы жақтағы басшылығы туралы айтып берді
"Бұл барып тұрған сұмдық жайт. Тапа тал түсте! Қайдағы бір көлік айнасы үшін! Сене алар емеспін. Мұндай қылмыс қашан ауыздықталар екен?! Алматыда көлік айнасын ұрлау үйреншікті болып кетті. Бірақ олардың қолында қару болады деп ойламаппын. Өзім де бірнеше рет солардың құрбаны болдым"-,  деп жазды әнші өзінің инстаграм парақшасында. Бүркіт өзінің басынан өткен оқины да баяндап берді. Айтуынша, Төле би көшесіндегі автобазардың маңынан ұрылардың бірін ұстап алған көрінеді. Сол кезде бұзақылардың жалғыз емес, топтап, 5-6 адам болып жүретініне көзі жетіпті. Бұл - банда ғой. Одан бөлек, олардың жоғарыда "крышасы" бар екенін де естігенмін. Енді олар кісі өлтіретін деңгейге жетіпті!  Мен олар үшін ұялып отырмын, өте өкінішті! Тым болмаса билік мына жағдайдан кейін оларды тиісінше жазалайтын шығар?! Олардың "крышасын" да жазалау керек!", - деп жазды ол. https://www.instagram.com/p/BlaqH8snI-S/?utm_source=ig_web_copy_link
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар