Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

ҚР ІІМ Денис Тен ісі туралы: Полиция кездейсоқ адамды тұтқындай салған жоқ

ҚР ІІМ Денис Тен ісі туралы: Полиция кездейсоқ адамды тұтқындай салған жоқ
ашық дереккөз
Вице-министр қолдарында бұлтартпас айғақ барын жеткізді
Өткен брифинг барысында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов тергеу органдарының күдікті ретінде кездейсоқ адамдарды қамауға алмағандарын түсіндірді, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. «Дәл қазір бұл іс бойынша жедел тергеу тобы құрылды. Жасалған қылмыстың барлық мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Мұнымен қатар, тағайындалған сараптамалар да өз ретімен жасалуда. Біз әлеуметтік желі мен БАҚ-тағы пікірлерді қалыс қалдырмай оқып отырмыз. Осыған сәйкес, полиция кездейсоқ адамдарды қамауға алды деген пікірдің шындыққа жанаспайтынын айтқым келеді. Ұсталған азаматтардың бұл іске тікелей қатыстары бар. Оның үстіне бұл іске олардың қатысы бар екенін дәлелдейтін нақты айғақтарымыз да бар», - дейді вице-министр. Сондай-ақ, Рашид Жақыпов қазіргі сәтте күдіктілердің басқа қылмыстарға қаншалықты қатыстары бар екенін тексеріп жатқанын жеткізді. Автор: Kyn.kz
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар