Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Полициядағы реформа: Халыққа митинг өткізуге рұқсат беріле ма?

Полициядағы реформа: Халыққа митинг өткізуге рұқсат беріле ма?
ашық дереккөз
Жақыпов:Митинг өткізу үшін жергілікті биліктің рұқсаты болу керек. Санкция берілмесе, заңға сәйкес шара қолданылады
Денис Теннің өліміне байланысты брифинг өткізген  ҚР ІІМ министрінің орынбасары Рашид Жақыпов полициядағы реформаға байланысты митинг өткізу туралы сұрақтарға жауап берді. Айтуынша, митинг өткізу үшін жергілікті атқарушы биліктің рұқсатын алу керек. «Қазіргі заңға сәйкес, митинг өткізу үшін жергілікті биліктің рұқсаты болу керек. Санкция берілмесе, заңға сәйкес шара қолданылады. Сол үшін жергілікті биліктің рұқсатын алуы керек», – дейді Рашид Жақыпов. Сондай-ақ, Теннің қазасынан кейін көпшіліктің Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың қызметінен кетуін талап етіп жатқаны туралы да айтылды. Алайда министрдің орынбасары бұл мәселеге қатысты жауап бере алмайтынын айтып, жылы жауып қойды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар