Басты жаңалықтар
Мөлдір Әуелбекова мемлекеттік қызметке тағайындалғалы қандай өзгерістер болғанын айтты
- автор kyn.kz
- 24 шілде, 2018
- 278
Әнші ата-анасын жұмысына жақын жерге көшіріп алмақ.
Мөлдір Әуелбекова енді Астана қаласының тұрғыны. Алматыда өткен концерттердің біріне елордадан арнайы ұшып келіпті. Айтуынша, Қазақ концерт бірлестігі эстрада бөлімінің басшысы болып тағайындалған күннен бастап астаналық атанған, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына сілтеме жасап.
Тіпті, енді Тараздан Алматыға қоныс аударған ата-анасын да жұмыс орнына жақын жерге көшіріп алып келмек ниетте екен.
«Қызметте болған соң Астана қаласының тұрғынымын. Өздеріңіз білетіндей, барлық өнер қайнап жатқан орта – Алматы. Сұхбаттарым да азайып қалды. Келегелі ауыр тақырып – фонограмма мәселесін айтып жатырмын. Қазір барлығы әңгіме жүзінде өрбіп жатыр. Алла қаласа, ол да өз деңгейіне жеткен кезде шешіледі деген ойдамын. Бірақ, ол шаруаны шешу оңай емес. Эстрада бөлімінде екі күн бойы тыңдалым өтті. Астана қаласындағы солистерімізді қарадық. Алматы қаласында да солистеріміз бар. Соның барлығына қол жеткізіп, жаңа есімдерді, кәсіби мамандарды жинақтауға тапсырма келді. Жалпы сондай жұмыстар жүргізіліп жатыр», - дейді Мөлдір Әуелбекова.
Автор: Kyn.kz
Келесі мақала