Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Луина күйеуімен ажырасқалы өзін мықтырақ сезінетінін айтты

Луина күйеуімен ажырасқалы өзін мықтырақ сезінетінін айтты
ашық дереккөз
Әнші дене сымбатын сақтауға не көмектесетіні туралы сөз қозғады
Луина продюсері әрі экс азаматтық некедегі күйеуі Жомарт Сүлейменовпен қош айтысқалы бері өзін бұрынғыдан да мықты сезінетінін айтады. Сондай-ақ, қазақ шоу бизнесінде әдемі әншілердің бірі саналатын әдемі әнші Луина мінсіз көрінуінің басты құпиясын ашты, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына сілтеме жасап. Бір қызығы, әнші ел ойлағандай қатаң диеталарға отырып, өзін спорт залдарында қинамайтын көрінеді. Ол бар болғаны дұрыс тамақтануды ұсынатын отандық компаниялардың өнімдерін бірнеше жылдан бері пайдаланып жүр екен. «Мен бұл компаниялармен көптен бері серіктес болып келемін. Мен, расымен де, оларды жақсы көремін. Ал желі қолданушылары мұны жарнама деп түсінулері мүмкін. Жоқ, олай емес. Ұсыныс өте көп. Дұрыс тамақтануға қатысы бар компаниялар да өте көп. Қазіргі серіктес компаниямен әріптесім Анар Батырхан арқылы таныстым ғой деймін. Барып көрдім, ұнаттым. Кейін тапсырыс бердім. Әлі күнге дейін мен олармен бірге жұмыс жасап келемін», - дейді әнші. Автор: Kyn.kz
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар