Басты жаңалықтар
ІІМ Қасымовтың отставкаға кетуін талап еткендерге жауап берді
- автор kyn.kz
- 24 шілде, 2018
- 278
Жақыпов: Министрдің отставкаға кету мәселесі ішкі істер министрлігінің құзыретінде емес
"Министрдің отставкаға кету мәселесі ішкі істер министрлігінің құзыретінде емес. Сондықтан бұл сұраққа толық жауап бере алмаймын. Ал министр неге баспасөз мәслихатына қатыспады дегенге қатысты айтар болсам, ол қызметтік іссапарда жүр. Іссапардан оралғаннан кейін сіздермен, жұртшылықпен кездесіп, сұрақтарыңызға жауап береді деп ойлаймын", — деді Жақыпов.
Денис Теннің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Нұрсұлтан Назарбаев бас прокурор мен ішкі істер министріне істің жіті және объективті тергелуін қамтамасыз етуді тапсырды. 20 шілде күні таңертең мәнерлеп сырғанаушының өліміне күдікті Нұралы Қиясов ұсталды. Ол Жамбыл облысының тумасы, 24 жаста. Сол күні кешке екінші күдікті Қызылорда облысының тумасы Арман Құдайбергенов ұсталды. Ал бүгін Денис Теннің өліміне қатысты тың деректер шықты. Алматы ІІД ақпаратынша, оқиғаны көзбен көрген адамдар табылған. Бетпе-бет кездесу барысында Нұралы Қиясов Денис Тенге пышақ сұққанын мойындады. Бұған дейін Арман Құдайбергенов пышақ жарақатын салғанын айтқан еді. Екі күдікті де бұрын заңды бұзған.