Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

​Астанада алғаш рет «Мисс ТМД-2018» халықаралық байқауы өтеді

​Астанада алғаш рет «Мисс ТМД-2018» халықаралық байқауы өтеді
ашық дереккөз
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының аруы атағы үшін 18 жастан 27 жасқа дейінгі 16 мемлекеттен 25 жеңімпаз бойжеткен қатысып, бақ сынайды.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының аруы атағы үшін 18 жастан 27 жасқа дейінгі 16 мемлекеттен 25 жеңімпаз бойжеткен қатысып, бақ сынайды. Конкурста өз елін таныстырып, құрмет көрсету үшін қатысушылар бірнеше кезеңнен тұратын кешенді іріктеуден өтті. Қатысушылар финалға 10 күн қалғанда Астанаға жиналады. Осы уақыт ішінде олар қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен танысады, Астананың көрікті жерлерін аралайды, мерейтойлық мерекелер мен қайырымдылық шараларға қатысады. Байқауға қатысушылар өз ұлттық киімдерін, сондай-ақ кешкі көйлектерді таныстырады. Эксклюзивті шоу бағдарламасында әлемдік сахналық жұлдыздар, дарынды суретшілер мен көрнекті дизайнерлер қатысып, өнер көрсетеді. Әлемге әйгілі модельдік агенттіктермен, өндірістік орталықтар және режиссерлермен ынтымақтасу үшін байқау үлкен жол ашады. «Мисс ТМД» байқауы 1996 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Байқау Наири Мнацаканян - "Top Model SNG" орденінің иегері, "Мисс ТМД" Халықаралық байқауының бас директоры және негізін қалаушы, халықаралық«Velada» модель агенттігінің тікелей қолдауымен өтеді. Байқауды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және Қазақстандағы Армения елшілігі қолдап отыр. Конкурстың финалы 27 шілдеде сағат 19.00-де «Қазақстан» Орталық залында өтеді. https://www.instagram.com/p/Blkci5bHLqe/?utm_source=ig_web_copy_link   https://www.instagram.com/p/BlgU9gSFo9-/?utm_source=ig_web_copy_link
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар