Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Адам жегіштермен тұрдым: Ақтөбелік тұрғындар жайнайқайын айтты

Адам жегіштермен тұрдым: Ақтөбелік тұрғындар жайнайқайын айтты
ашық дереккөз
Оңалту орталығында зорлыққа ұшыраған әйелдер, бұрынғы қылмыскерлер, сондай-ақ түрмеден енді ғана босап шыққан адам жегіштер де тұрыпты.
Өмірдің қиын жағдайына ұшыраған адамдарға арналған оғалту орталығы 17 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Басында ол тұрақты мекен-жайы жоқ тұрғындарға арналған екен, кейін 2013 жылдан бастап бұл жерге бұрынғы қылмыскерлер, тұрмыстық зорлыққа ұшыраған балалары бар әйелдер де орналаса бастапты Оңалту орталығының әлеуметтік жұмыс бойынша директордың орынбасары Жалын Молдағалиев бұл жердің психологиялық ахуалы нашар дейді.

"Бізде алты әйел мен төрт бала бар. Жүктіліктің жетінші айындағы әйел де бар. Оның бірінші ұлы небәрі төрт жаста. Заңды күйеуімен ажырасып кеткен, ал дүниеге келетін баланың әкесі түрмеде отыр. Бір қапталымызда бейшаралар мен қылмыскерлер тұрады. Балармен олардың арасын жұқа есік қана бөліп тұр", - деді  Жалын Молдағалиев.

Басшының айтуынша, бұл жерде 19 жыл отырып, түрмеден енді ғана босап шыққан адам жегіштер де тұрыпты. Олар қазір жұмысқа орналасқан.

Тағдыр тәлкегіне түскен әйелдерге балаларымен бірге бұл орталықта өмір сүру өте қорқынышты. Мысал үшін 18 шілде күні үйі жоқ ер адам өзінің күретамырын кеспек болған.

Орталықтың басшылығы мұнда түскен балаларды балабақшаларға орналастыру үшін кезексіз өте алатындай етіп қарастыратынын мәлімдеді.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар