Бас прокуратура жұртты осы қалардағы негізгі мәселелерді атады
Еліміздің ең криминалды қаласы Алматы болып шықты. Мұнда жыл басынан бері 33 мыңнан астам қылмыс тіркелген екен.
Сондай-ақ Бас прокуратура оңтүстік астанамыздың ең қауіпті ауданын да анықтапты.
Онда мегаполистің қақ ортасындағы Алмалы ауданы 7604 заңбұзушылықпен көш бастап тұр. Одан кейін адам саны тығыз орналасқан Әуезов ауданы болса, үштікті жоғарғы оқу орындары көп шоғырланған Бостандық ауданы аяқтап отыр.Ал әзірге ең үлгілі аудан қатарына жаңадан құрылған Наурызбай ауданы кіріп отыр.
Сондай-ақ республика бойынша антирейтинг тізімін Алматыдан соң Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Түркістан облыстары және Астана қаласы жалғастырады.