Басты жаңалықтар
Түркістанда күйеуі өлімші етіп сабаған 19 жастағы келіншек іс-түссіз жоғалып кетті (фото)
- автор kyn.kz
- 25 шілде, 2018
- 263
Түркістан облысы Созақ ауданында 4 күннен бері жас келін үйіне қайтып оралмаған. Ал 19 жастағы бойжеткенді оған дейін күйеуі аяқ-қолы сынғанша сабаған.
Түркістан облысы Созақ ауданында 4 күннен бері жас келін із-түзсіз жоғалып кетті. 19 жастағы Жансаяны күйеуі алып қашқан, сондай-ақ жас келін үйінен қашпағанша. күні-түні аяқ-қолы сынғанша сабаған көрінеді.
Бұл туралы танымал тележурналист Гүлмира Әбіқай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазған.
"Күйеуі өлімші етіп сабаған Жансая таңғы 6-да үйден шығып кеткеніне бүгін төртінші күн. Содан бері оны көрдім-білдім деген адам жоқ. Жасы 19-да.
7 ай бұрын көрші ауылдың баласы алып қашыпты. Екі айдан соң төркініне көкала қойдай боп аяғы сынып келген. Үш айдан соң қолы шытынап тағы келіпті. Бұл жолы үшінші рет келгенде "келін болған жерден түңілдім" деп кесіп айтты. Шымкенттік жеңгелер қойсын ба, соңғы рет деп түнделетіп күйеуіне қайта қосқан. Таңғы алтыда енесі, күйеуі бәрі төсек сипап қалды. Жас келін белгісіз жаққа кеткен күйі жоқ", - деп жазды журналист өзінің Facebook парақшасында.