Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Танымал жас әнші өзін "тоқал" деп сөккендерге жауап берді(фото)

Танымал жас әнші өзін "тоқал" деп сөккендерге жауап берді(фото)
ашық дереккөз
Альбина Шардарова: Біреудің отбасын бұзатындай мен тәрбие көрмеген қыздардың қатарынан емеспін
Қуандық Рахыммен бірге ән айтып, елге танымал болған Альбина Шардарова тұрмысқа шығуға дайындалып жатыр. Жеке өмірін көп айта бермейтін әнші, ел алдына қалыңдық көйлегімен шығып, жұртты таңғалдырды. Осылайша Альбина өз қуанышымен бөліскісі келгенін жеткізді. https://www.instagram.com/p/BllJ2KHgetJ/?utm_source=ig_web_copy_link

"Ең әдемі жігіттің ең бақытты қалыңдығы" десем болатын шығар. Бір әулетті бақытты қылуға жайлап қадам басқалы жатқан жайым бар. Бірақ, соңғы суретке жазылған көпшіліктің пікіріндегідей "тоқал", немесе "біреудің отбасын бұзып алыпты", "біреудің көз жасына қалма" деген секілді теріс ойлардан аулақ болыңыздар. Олай емес. Біреудің отбасын бұзатындай мен тәрбие көрмеген қыздардың қатарынан емеспін.

Мен де қыз баламын, ондай нәрсенің болуына жол бермеймін және ата-анамның да қарсы болуы сөзсіз... Басты сұрақтарыңыздың біріне жауап алдыңыздар деп ойлаймын. Қалғанын сосын жаза берермін. Әзірше сіздермен әдемі суреттеріммен бөлісейін деп шештім", - деп жазды әнші.

https://www.instagram.com/p/BllIQVwg9A0/?utm_source=ig_web_copy_link
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар