Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматылықтар Денис Тенге «Халық қаһарманы» атағын беруді ұсынды

Алматылықтар Денис Тенге «Халық қаһарманы» атағын беруді ұсынды
ашық дереккөз
Кеңес төрағасы спорттық кешенге мәнерлеп сырғанаушының есімі берілуі мүмкін екенін де айтты.
Қоғамдық кеңес отырысы кезінде қайғылы жағдайда көз жұмған Денис Тенге «Халық қаһарманы» атағын беру ұсынылды, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап. «Мен Денис Тенге «Халық қаһарманы» атағын беруді ұсынамын. Себебі, ол сол сәтте полицейлер істеуі тиіс нәрсені жасады. Яғни қылмыскерлерді ұстамақ болды. Ол өз мүлкін қорғады, әділдік үшін күресті және бұзақыларды тоқтатпақ болды. Осы үшін де қайтыс болды. Сол себепті, біз бірінші кезекте оған «Халық қаһарманы» атағын беруіміз керек деп есептеймін», - дейді Алматы тұрғыны Әлнұр Ілияшев. Қоғамдық кеңестің төрағасы Рахман Алшанов өз кезегінде бұл бастаманы толық қолдайтынын жеткізді. «Бұл бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазір спорттық кешенге Денис Теннің есімін беру мәселесі қаралуда», - деді ол. Естеріңізге сала кетсек, 19 шілде күні Алматы екі азамат Денис Тенді пышақпен жарақаттаған болатын. Қайғылы оқиға Құрманғазы мен Бәйсейітова көшелерінің қиылысында болған. Спортшы жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліп, сол жерде көз жұмды. Күдіктілердің біреуі ұсталып, кінәсін толықтай мойындады. Екіншісі әзірге іздестіріліп жатыр.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар