Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ғазизхан Шекербеков қыздар туралы: Душқа бірге түсуге дайынмын

Ғазизхан Шекербеков қыздар туралы: Душқа  бірге түсуге дайынмын
ашық дереккөз
Әнші орыс қызымен бейнебаянға түсуді армандағанын айтты.
Ғазизхан Шекербеков мамыр айында ұсынған кезекті бейнеклипінің айналасында болған шудан әлі де өз-өзіне келе алмай жүр. Аталған туынды тыңдармандар тарапынан біраз сынға ілінген-ді. Десе де, әншінің өзі ұяттың шегін білетінін айтады, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына сілтеме жасап. «Сен жетіспей тұрсың» деген бейнебаян түсірген едім. Сол ойымдағыдай болып, жұрттың көңілінен шығып, барлық адам соны көргендерін айтып жатыр. Арасында бір-екі әзілді кино секілді тоқтатып түсірген едік. Соларды да талқылап жатыр екен. Өзімнің тыңдармандарыма ұнағанын және жеткенін көріп іштей қуандым», - дейді әнші. Сондай-ақ, Ғазизхан Шекербеков бейнебаянына көп қызды қалай жинағанын түсіндірді. «Қыздарға кастинг жариялаған жоқпын. «Көп қыз керек» деген едім, өздері көп болып келген екен. Жалпы орыс қызбен түскім келіп жүрген. (...) Қазақ тілін түсінбейтін қызға «Юлия» деп қиналдық. Бірақ, берілген тапсырманы жақсы орындап шықты», - дейді ол. Әрі қарай әнші анайы сахналарға өнер деп қарайтынын жеткізді. «Барлығы - режиссердің ойластырған әдемі картиналары. Бассейннен бөлек душта түс десе, тағы түсетін едім. Жалаңаштанудан қашсам да, көп нәрсеге өнер деп қараймын. Бірақ, көп нәрсеге қарсы емеспін. Ол өмірде бар нәрсе. Сондықтан өзімізді алдап, ұят болады деген де жарамас. Жалпы өзім ұяттың шегін білемін», - дейді Ғазизхан Шекербеков.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар