Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Абайды өз басым мойындамаймын: Белгілі блогер Абай Құнанбаевты сынап тастады

Абайды өз басым мойындамаймын: Белгілі блогер Абай Құнанбаевты сынап тастады
ашық дереккөз
Блогер Нұрлан Байділдә, Абайды ұлы деп санауымызға еш себеп жоқ екенін айтып, халықтың қызу талқысына түсті

Нұрлан Байділдәнің айтуынша, Абай біздің халық үшін ештеңе істемеген. Сондықтан оны ұлы деп атаудың ешқандай себебі жоқ.

«Айтқаным біреуге ұнамас. Бірақ ақиқатты айтатын кез келді деп ойлаймын. Оны дәл қазір қабылдай алмасаңыздар да, болашақ ұрпақ түсінеді деп үміттенемін. Қазақтың мақтанышы кім десең, бәрі "Абай" дейді. Мен мұнымен келіспеймін. Абайды өз басым мойындамаймын. Абай қандай жақсылығы үшін осынша дәріптеледі? Қиын-қыстау заманда қол бастады ма, батыр болды ма? Ол тіпті ауыл басқарған емес. Ол ақылды, жақсы адам. Бірақ бүкіл қазақ үлгі боларлықтай кемеңгер тұлға емес. Абайдың әкесі Құнанбай - нағыз азаматтығымен көзге түскен адам. Ел басқарды. Шынымен де үлгі боларлық тұлға. Абай біздің заманымызда өмір сүрсе, ары кетсе танымал блогер ғана болатын еді. Бұл туралы ол өз кітабында сыр ақтарған болатын. Бірінші қара сөзінде осы жасқа келіп не бітірдім, енді не істемекпін деген ойға келеді. Ол кезде Абай 45-те болатын. Демек 45 жасқа дейін Абай түк бітірмеген. Құр қыдырған, домбыра тартқан. Ешнәрсе істегісі келмеген», - дейді кәсіпкер.

Осының барлығын сөз етіп айтудың мақсаты не деген сауалға кәсіпкер былай деп тіл қатты:

"Кеңес үкіметі қазақтың игі жақсыларын құртып тынды. Бірақ халықты алдай тұруы шарт еді. Сондықтан үлгі боларлық тұлға ретінде Абайды таңдап алды. Әуезов болса артылған міндетті жоғары деңгейде атқарып шықты. Біз әлі күнге дейін Абай сияқтымыз. Қазақ отырып алып ойланғанды, аспанға қарап армандағанды, ешнәрсе істеуге құлқы жоқ, өмірден баз кешуге даяр. Мұның бәрі сол идеологияның, жақсы пиардың тікелей әсері. Шын мәнісінде, қазақта үлгі боларлық тұлғалар көп. Керей мен Жәнібек, Қасым хан, Абылай хандар нағыз азаматтар. Солар сияқты болуға ұмтылуымыз тиіс. Сонда ғана мықты боламыз".

Сөз соңында Нұрлан Байділдә халықтың нағыз қайсар азаматтарға қарап бой түзегенін қалайтынын айтып өтті.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар