Қытайдағы Сычуань университетінің ғалымдары аптасына үш немесе одан да көп бургер жеу адам ағзасына зияны көп екенін дәлілдеді
Британиялық The Sun басылымының мәліметінше, бургердің адам ағзасына тигізер зияны көп. Мәселен, ол аллергиялық аурулардың дамуына бірден-бір себепші болады екен. Себебі зертханалық зерттеулердің нәтижесінде, оның құрамынан аллергиялық ринит пен пішен безгегі бар екені анықталды.
Ал қытайлық мамандардың айтуынша, фаст-фудты жеу артық салмақ жинауға себепші болады. ал оның соңы семіздікке соқтырады.
Бұған қоса, ғалымдар майлы тағам демікпе кезінде тыныс жолдарының қабынуын күшейтіп, нәрлі заттарға бай жеміс-жидек пен көкөністі тұтынуды азайтатынын айтқан.
Ал басқа да зиянды тағамдарды зерттеген кезде, оның теріс жағы көп мөлшерде табылмапты. Мысалы бәріміз зиянды деп білетін газдалған сусынның өзі адам денсаулығына кері әсері аса қатты емес екені анықталды.
Келесі мақала